Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

«Саяси партиялар туралы» ҚР заңына ұсыныстар

«Саяси партиялар туралы» ҚР заңына өзгертулер мен толықтырулар енгізу жобасы бойынша «Тәуелсіз бақылаушылар альянсы» РАҚ ұсыныстары:

«Тәуелсіз бақылаушылар альянсы» республикалық азаматтық қозғаласы 2019 жылдың 10 қарашасында сайлау және саяси партиялар туралы заңдарды өзгертуге қатысты  халықтық республикалық рефрендум бастамасын көтерді.

Республикалық референдумның Жалпы жиналысында бастамашыл топ құрылып, ұсынылатын сұрақ жобасы бекітілді. Мемлекетті басқару ісіне халықты шын мәнінде тарту мақсатында  «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының Заңына өзгерістер енгізуге, оның ішінде партияны мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелерінің санын қырық мың адамнан бір мыңға дейін азайтуға келісесіз бе?» деген сұрақтардың бірі тұжырымдалды.

Сондықтан Заңның саяси партияны мемлекеттiк тiркеу туралы 10-бабының 6-тармағындағы «қырық мың» сөзін «бір мың» сөздеріне ауыстыруды ұсынамыз және талап етеміз.

Сонымен қатар, саяси партияны құру туралы 6-бап бойынша бастамашыл топ кемінде он адамнан құралып, партия құру туралы бастаманы ҚР Әділет министрлігіне тапсырған соң ғана осы баптың  1-тармағына сәйкес Саяси партия саны «бір мың адамнан кем емес» деген сөздерді «жүз адамнан кем емес» деген сөздермен ауыстырыла отырып, саяси партияның құрылтай съезін (конференциясын) шақыратын және облыстардың, республикалық маңызы бар қалалардың және астананың үштен екісінің атынан өкілдік ететін Қазақстан Республикасы азаматтары тобының бастамасы бойынша құрылады» деп өзгертуді ұсынамыз.

«Тәуелсіз бақылаушылар альянсы» республикалық азаматтық қозғаласы 87010829777

ҚР Әділет министрлігінің жауабын қараңыз ReplyMIORLawPolitParties