Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Референдум арқылы біз нені өзгертеміз?

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ БОЙЫНША

Ағымдағы жылдың маусым айында өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы еліміздің сайлау заңнамасын жетілдіру қажеттігін айындай түсті.  Сонымен бірге байқаушылар қозғалысы арқылы қоғам сайлау үрдістеріне деген  өзінің белсенділігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес және мемлекетті басқару ісіне ел азаматтарын белсенді түрде тарту мақсатында елордамызда республикалық референдум өткізу бойынша бастамашыл топ құрылған, сондай-ақ өңірдердегі бастамашыл топтар жұмыс жасауда.

Республикалық референдум өткізу бойынша бастамашыл топ көптеген Қазақстан азаматтарының ой-пікірін жеткізе отырып, келесі парламаент сайлауы өткізілгенге дейін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына сайлаудың мажоритарлық жүйесін енгізуге және саяси партияларды мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелері санынының шегін азайтуға қатысты елеулі өзгертулер енгізу қажеттігін ашық мәлімдейді.

Республикалық референдумға ұсынылған осындай ұсыныстар аталған ҚР заңдарына өзгертулер енгізудің тек бір бөлігі ғана. Барлық ұсынылған өзгертулер мемлекетті басқаруға қоғамды белсенді түрде тартудың, сонымен қатар халық және оның белсенді бөлігі арқылы билік органдарына бақылау жүргізудің, сондай-ақ биліктің халық пен оның болашағы алдындағы жауапкершілігін арттырудың импульсі болуы тиіс.

РЕФЕРЕНДУМНЫҢ БАСТЫ СҰРАҒЫ

Сіз мемлекетті басқаруға ел азаматтарын белсенді түрде тарту мақсатында Қазақстан Республикасының «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына өзгертулер енгізілгеннен КЕЙІН ҒАНА парламент сайлауын өткізуге келісесіз бе?

«ИӘ» немесе «ЖОҚ» деген жауап бірілуі тиіс.

 

РЕФЕРЕНДУМ АРҚЫЛЫ БІЗ НЕНІ ӨЗГЕРТІКІМІЗ КЕЛЕДІ?

Референдум арқылы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына өзгертулер енгізу қажет.

Сайлауға қатысты өзгертулер:

  • Орталық сайлау комиссиясын қоса алғанда сайлау комиссиясы мүшелерін қалыптастыру және тағайындау тәртібін төменнен жоғарыға қарай өзгерту;
  • байқаушылар құқықтарын кеңейту;
  • барлық деңгейдегі сайлау үрдістері мен қорытындыларының жариялану ашықтығы;
  • сайлаушылардың дауысына бұрмалаушылық және көзбояушылықтар жасаған барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кез-келген әрекеттері бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуын нақтылау қажет;
  • барлық деңгейдегі депутаттарға және президентке кандидаттарды ұсыну кезінде мажоритарлық жүйе енгізу;
  • демократияландыру және қоғамның ашықтығына қатысты басқа да өзгертулер.

 Саяси партиялар туралы заңнамаға өзгертулер:

  • саяси партиялар құру үшін қажет етілетін азаматтар саны шегін айтарлықтай азайту;
  • саяси партияларды тіркеу кезіндегі кедергілерді азайту;
  • – елімізде бір партия монополиясына жол бермеу;
  • елімізде саяси бәсекелестікке арналған жағдайларды жасауға қатысты басқа да мәселелер.

 

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ТУРАЛЫ Қазақстан Республикасының 1995 жылғы 2 қарашадағы N 2592 Конституциялық заңы.

12-бап. Республикалық референдум тағайындау жөнiндегi мәселе бойынша бастамашыл топтың құрылуы

  1. Егер референдум өткiзу туралы бастамашылықты азаматтар көтерген жағдайда құрамына Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде ҮШ-ҮШТЕН өкiл кiретiн референдумның бастамашыл тобы құрылады.
  2. Референдумның бастамашыл тобы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар, бiрақ Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде ОТЫЗ-ОТЫЗДАН өкiлдер қатысқан жиналыста құрылады.