Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Азаматтардың бастамасымен Республикалық референдум өткізу бойынша нұсқаулық

НҰСҚАУЛЫҚ САҚТАМАСЫН ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕ ЖҮКТЕП АЛЫҢЫЗ

Қысқартулар және терминдер:

ҚРК – Қазақстан Республикасының Конституциясы
РКЗ – 02.11.1995 жылғы «Республикалық референдум туралы» Қазақстан Республикасының КЗ

РБТ – Референдумның бастамшыл тобы
ӨБТ – Өңірлік бастамашыл топ
ӨЖ – Өңірлік жиналыс
РҮЖ – Барлық өңірлерден 30 делегаттан қатыстырумен, Референдумның үлкен жиналысы
ОСК – Орталық сайлау комиссиясы
АСК – Аумақтық сайлау комиссиясы
РОШ – Нұр-Сұлтан қ. Референдумның орталық штабы
ӨК – өңірлік кураторлар

 

  1. Осы нұсқаулық Қазақстан Республикасының Конституциясына және 02.11.1995 жылғы «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңына сәйкес әзірленді.

Республикалық референдум – Қазақстан Республикасы Конституциясының, конституциялық заңдарының, заңдарының және мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелеріне арналған шешімдердің жобалары бойынша бүкілхалықтық дауыс беру. Референдум республиканың барлық аумағында өткізіледі. Референдумның талқысына:

1) Республика Конституциясын, конституциялық заңдарын, заңдарын қабылдау, оларға өзгертулер мен толықтырулар енгізу;

2) Республиканың мемлекеттік өмірінің өзге де неғұрлым маңызды мәселелерін шешу қойылуы мүмкін.

Референдумды тағайындау бастамашылығы сан жағынан Республиканың барлық облыстарын, астанасы мен республикалық маңызы бар қалаларын тең мөлшерде білдіретін республикалық референдумға қатысу құқығы бар екі жүз мыңнан кем емес Республика азаматтарында болады, олар республикалық референдум тағайындау туралы бастамашылықпен Республика Президентіне тілек білдіреді.

 

Егер референдум өткізу туралы бастаманы азаматтар көтерсе, референдумның бастамашылық тобы құрылып, оның құрамына әр облыстан, Қазақстан Республикасының астанасынан және республикалық маңызға ие қалалардан  үштен кем емес өкіл кіреді.

 

  1. Референдумның бастамашыл тобы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар қатысқан жиналыста құрылады, бірақ әр облыстан, Қазақстан Республикасының астанасынан, республикалық маңызға ие қалалардан отыздан кем емес өкіл болуы тиіс.

РҮЖ өткізуден бұрын он күннен кешіктірмей, оның бастамашылары жиналыстың уақыты, орны және мақсаты туралы жиналыс өткізілетін орынның аумағындағы  жергілікті атқару органына жазбаша түрде хабарлауы тиіс.

 

РКЗ-ның 12-бабына сәйкес, референдумның үлкен жиналысы, одан әрі –  РҮЖ, референдумның бастамашыл тобын, одан әрі – РБТ, сайлау үшін елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында барлық 17 өңірден делегаттарды жинау арқылы жүргізіледі.   Өңір ұғымына еліміздің 14 облысы және республикалық маңызға ие 3 қала (Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент) кіреді. РҮЖ елордада өткізілуі қажет, себебі жиналыстан соң РБТ Нұр-Сұлтан қ. орналасқан Орталық сайлау комиссиясына (ОСК) мәлімдеме жасайды.

  1. Осы мақсатпен барлық өңірлерде өңірлік жиналыстар (ӨЖ) өткізілуі тиіс. Аталған жиналыстарда келесі мәселелер қаралуы қажет:
  • РҮЖ-ге бару бойынша өңірдің басшысын сайлау туралы. Құрамында 5 адамы бар РБТ сайлау туралы, оларды звенолық деп атайық, олардың әрбіріне РҮЖ-ге келуі міндетті 6 адамнан бекіту туралы. РБТ-ның әрбір мүшесі 6 адамнан тұратын өз тізбегіне жауапты болады. Сондай-ақ бұрыннан жазылған делегаттардың біреуінің РҮЖ-ге барудан бас тарту жағдайына тағы 2 адамнан болуы тиіс.

Делегацияның құрамы 35 адамнан кем болмауы керек. Науқастанып қалуы немесе басқа да себептермен олардың кейбіреулері Астанаға қажетті уақытында келе алмай қалуы мүмкін, сондықтан артығымен болғаны дұрыс.

  • РҮЖ-ға баруды қаржыландыру мәселесін шешу. Әрбір делегат жол жүруді өз қаражатымен қамтамасыз етуі тиіс.
  • өңірлерде референдум идеясын қолдаушы белсенді кәсіпкерлер қатарынан демеуші табу.
  1. РҮЖ-ге 30-дан кем адам келген жағдайда бұл өңірге РҮЖ үшін кворум жетіспейтін болады. РҮЖ-дің заңсыздығына не әкеледі. Өңірдің және РБТ-ның әрбір басшысы РҮЖ-ге делегаттыққа кемінде 30 адаммен қамтамасыз ету бойынша толық жауапкершілікте болады.
  2. Өңірлерден келетін әрбір делегат, өзімен бірге жеке басын куәландыру құжатын және оның көшірмесін (екі жағының) және жергілікті ХҚКО тұрғылықты мекен-жайы туралы мекен-жай анықтамасын әкелуге міндетті. Аталған құжаттар үшін және олардың болуы үшін жауапкершілік өңірлердің және РБТ-ның басшыларына жүктеледі.
  3. Осы нұсқаулықтың 2-тармағында көрсетілген қаржы қаражатын таппаған жағдайда, қажетті шаралар қабылдау үшін өңірлердің басшылары бұл туралы референдумның орталық штабына (РОШ) хабарлауға міндетті.

РҮЖ-ге баруға қажетті қаражат – барып қайту жолына көлікке төленетін ақы. Тамақтану шығынын әрбір делегат өзі шешуі тиіс. Бір рет түнеуге қаржы алыс өңірлерден (Маңғыстау, Атырау, Қызылорда) теміржол көлігімен жолаушылық вагондарда келетін делегаттарға қажет болады.

Электричка көлігі барынан басқа делегаттар жайлы автобустарды жалдаулары керек. Автобустар жаңа және техникалық жөнделген болуы тиіс. Көлік сынған жағдайда келісім-шарт жасасқан тасымалдаушы көлікті ауыстыруға міндетті. Тасымалдаушымен келісім-шарт жасасып, осындай тармақты келісім-шартқа енгізу керек.

  1. Өңірлер мен РБТ басшылары аптасына екі мәрте және РҮЖ-ге барудан бұрынғы соңғы 5 күнде күнделікті референдумның орталық штабын (РОШ) РҮЖ-ге баруға дайындық барысы туралы ақпарат беруге міндетті.
  2. РҮЖ-ге барудың ұйымдастырылған сапарынан басқа, сонымен бір мезетте ел азаматтарының еліміздің түкпір-түкпірінен келуі әлеуметтік желілер арқылы ұйымдастырылатын болады. Бұл жағдайда кез-келген ниетті азамат өз ниетін білдіріп, арнайы ашылған электрондық поштаға өзінің деректерін жолдайды: жеке басын куәландыру құжатын және тұрғылықты мекен-жайын. РОШ осы болашақ делегаттардың толық есебін жүргізіп, олармен хат алмасады, референдумның нақты өтетін күнін және РҮЖ қайда өтетінін хабарлайды. Аталған адамдар РҮЖ-ге келуге міндетті, себебі олар бойынша да есеп жүргізілетін болады.

РҮЖ-дің өткізілу күнін РОШ оны өткізуден бұрын 30 күннен кешіктірмей жариялауы тиіс. Бұл билеттерді жайлы бағамен алып, жол сапарына дайындалу мақсатында жасалады.

  1. РОШ-та өңірлік кураторлар, одан әрі – ӨК, бекітіліп, олар РБТ-мен тұрақты байланыста болуы тиіс және өңірлерден делегаттардың келуіне толық жауапкершілікте болады.
  2. Тағайындалған күні және тағайындалған орынға өңірлердің барлық делегаттары 5-тармақта көрсетілген құжаттармен, уақытылы, тіркелу үшін екі сағат бұрын келулері тиіс. Жауаптылар – ӨК және РБТ.
  3. Барлық делегаттардың қолдарын қойғызумен кестені толтырғаннан кейін, оларды қатаң түрде тіркеу қажет. Барлық қатысушылар жиналыста өздерімен бірге жеке басын куәландыру құжатын, оның екі жағының анық түсірілген көшірмесін және тұрғылықты мекен-жайы туралы жергілікті ХҚКО мекен-жай анықтамасын әкелуі тиіс. Жиналыста немесе оған жақын жерде көшірмесін алу аппаратын қойғызған жөн.

Тіркеуде делегаттардың деректері көрсетілуі тиіс (№2-қосымша):

  • Т.А.Ә. толығымен,
  • жеке басын куәландыру құжатының (төлқұжатының) деректері т.ж. күнімен және кім берді,
  • тіркеуде болуы (ХҚКО деректері мекен-жай анықтамасы),
  • делегаттың қолы, келуін растауымен.

Арызының деректерін міндетті түрде DOCX немесе PDF-ке жазып алыңыздар. Барлық делегаттар оларды міндетті түрде толтыруы керек.

Орталық штабқа арыз, DOCX

Орталық штабқа арыз, PDF

Өңірлік штабқа арыз, DOCX

Өңірлік штабқа арыз, PDF

 

  1. РҮЖ-де келесі мәселелер талқылануы тиіс:
  • Референдум өткізу туралы, және референдумға шығарылатын сұрақтар,
  • РБТ мүшелерін сайлау, әр өңірден 3 адамнан кем емес.

Талқылаудан кейін және РБТ мүшелерін сайлағаннан кейін, РҮЖ жабылады.

  1. Референдумның бастамашыл тобының мүшелері жиналысқа қатысушылардың көпшілік дауысымен сайланады. Бастамашыл топтың тізімінде топтың әрбір мүшесінің тегі, аты, әкесінің аты және тұрғылықты жері көрсетіледі. Референдумға қойылатын сауалды оған тиянақты жауап қайтарылуы үшін бастамашыл топ айқын тұжырымдауға тиіс.

РҮЖ-де сайланған РБТ өз отырысын өткізіп, РКЗ 13-бабына сәйкес,  республикалық референдумның сұрақтарын бекітулері тиіс.

  1. Республикалық референдум сұрақтарын бекіткеннен кейін, РБТ барлық құжаттарымен ОСК-ге мәлімдеме жасайды.
  2. ОСК өз кезегінде он күн ішінде РБТ мәлімдемесін тіркеуі тиіс.
  3. ОСК-нің тіркеуінен кейін, РБТ-ны тіркеу туралы куәлік және референдумға ұсынылатын сұрақ (-тар) қол қою парақтарымен бірге беріледі.
  4. «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заң талаптарын бұзған жағдайда, ОСК РБТ-ның мәлімдемесін тіркеуден бас тартуы мүмкін. Орталық сайлау комиссиясының бас тартуына он күн мерзімі ішінде Қазақстан Республикасының Жоғарғы сотына шағым келтіруге болады, Жоғарғы сот шағымды берген күнінен бастап, он күн ішінде қарайды. Жоғарғы соттың шешімі ақырғы болып табылады.
  5. Азаматтардан қол жинауды референдумның бастамашыл тобы тіркеу туралы куәлікті алған күннен бастап ұйымдастырады.
  6. Қол жинайтын адам бастамашыл топты және ол референдумға ұсынған мәселені (мәселелерді) тіркеу туралы куәліктің көшірмесін көрсетеді. Әрбір азамат қол қою парағына тек бір рет қана қолын қоюға құқылы. Бұл ретте азамат жеке басын куәландыратын құжатын көрсетеді. Азаматтың қолы оның тегін, атын, әкесінің атын, тұрғылықты жерін, оның жеке басын куәландыратын құжатының деректемелерін және параққа қол қойылған күнді көрсетумен толықтырылады.
  7. Толтырылған әрбір қол қою парағына қол жинаған адам қолын қоюға тиіс.
  8. Белгіленбеген үлгідегі қол қою парақтары, сондай-ақ Заңның өзге де талаптары бұзылып толтырылған қол қою парақтары жарамсыз болып табылады.
  9. Қол жинау аяқталғаннан кейін үш күндік мерзімде толтырылған қол қою парақтарын қол жинаған адамдар аумақтық сайлау комиссиясына тапсырады, ол паспорт қызметінің қызметшілерін қатыстыра отырып, он күндік мерзімде қол қою парақтарындағы азаматтардың қолының дұрыстығын тексереді, тиісті хаттама толтырады және оны ОСК-ге жолдайды.
  10. Қол жинау тәртібінің бұзылуына жауапты:

23.1. Расталмаған қолдар анықталған, қол жинау және қол қою парақтарын рәсімдеу тәртібі бұзылған жағдайда аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы ОСК-ге тиесілі ұсыным енгізеді;

23.2. ОСК ұсыным енгізілген күннен бастап бір ай мерзімінде заң бұзушылыққа жол берген бастамашыл топ мүшелерінің қызметін тоқтату, Заң талаптарын бұзушылық анықталған қол қою парақтарын жарамсыз деп тану туралы шешім қабылдай алады;

23.3. Аталған референдумды даярлау және өткізу кезеңінде, қызметін тоқтату туралы шешім қабылданған мүшелерді қайта сайлауға рұқсат етілмейді;

23.4. Қол жинау және қол қою парақтарын рәсімдеу тәртібін қайталап бұзған жағдадйда ОСК РБТ қызметін тоқтату туралы шешім қабылдап, оның тіркелу куәлігін қайтарып алуы мүмкін.

  1. Қол қою парақтарын және қол жинау нәтижесінің қорытынды хаттамасын жолдау:

24.1. Толтырылған және тиесілі аумақтық сайлау комиссиясында тексеруден өткен қол қою парақтарын қол жинауды жүзеге асырған адамдар РБТ-ға жолдайды. РБТ қол жинаудың қорытындысы туралы жиынтық дерек жасап, қол жинау аяқталған күннен бастап он күннен кешіктірмей толтырылған қол қою парақтарын және жиынтық деректерді ОСК-ге жолдайды;

24.2. ОСК, ұсынылған қол қою парақтары Заң талаптарына сәйкес келген жағдайда, қол жинау нәтижелерін қорытынды хаттамаға енгізеді. Референдумның бастамашыл тобынан құжаттарды алған күннен бастап бір ай ішінде референдум өткізу туралы ұсыныс, қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттамамен бірге Қазақстан Республикасының Президентіне жолданады;

24.3. Қол қою парақтарын және қол жинау нәтижелері туралы қорытынды хаттаманы сақтау тәртібін және мерзімін ОСК белгілейді.

 

Барлық сұрақтар бойынша Нұр-Сұлтан қ. РОШ өкілдеріне хабарласыңыз.

эл. пошта: [email protected] Жанбура +7 7015117847 Марат +7 778 547 32 77.

заң мәселелері бойынша Нұрлан +7 7017221610

Референдум сайты: www.referendumkz.org

Өңірлік жиналыстың хаттамаларын 6 қыркүйек, сағат 18:00-ге дейін РОШ-қа электрондық пошта арқылы жолдау керек, эл. пошта: [email protected]

Жиналысқа қатысушылардың барлығы өзімен бірге жеке басын куәландыру құжатын және, мүмкін болса, оның екі жағының анық көшірмесін, тұрғылықты мекен-жайы туралы жергілікті ХҚКО мекен-жай анықтамасын әкелуі тиіс. Мүмкін болса жиналыста немесе жақын жерде көшірме алу аппараты болғаны жөн.

Осы нұсқаулықты елорданың Тәуелсіз бақылаушылар альянсы әзірледі. 30.08.2019ж.