Республикалық Референдумның жалпы жиналысы қайда және қашан болады?

Өтетін күні: 2019 жыл 10 қараша, уақыты 15:00

Өтетін орны: Нұр-Сұлтан қаласы Хусейн бен Талал көшесі 25, «Wyndham Garden Astana» қонақ үйінің конференция залы

Мақсаты: мемлекет ісіне халықтың белсенді араласуы және мемлекетті басқаруға халық белсенділерін тарту мақсатында Қазақстан Республикасының азаматтары «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына өзгертулер енгізілгеннен КЕЙІН ҒАНА елімізде сайлау өткізу, яғни аталған заңдарға сайлаудың мажоритарлық жүйесін енгізуге және партияларды мемлекеттік тіркеу үшін партия мүшелері санының шегін төмендетуге қатысты тағы басқа елеулі өзгертулер енгізу ұсынылатын халық бастамасымен өтетін Республикалық референдумның бастамашыл тобын сайлау

Негіздеме: «Республикалық референдум туралы» заңның 11-бабы 1-тармағы, 4-тармақшасына сәйкес ҚР азаматтары Республикалық референдум тағайындау туралы бастама көтере алады.
Жиынның заңдылығы: «Республикалық референдум туралы» заңның 12-бабы 3-тармағына сәйкес референдумның Жалпы жиналысын өткізу заңдастырылған.

Күн тәртібі:
1. Республикалық референдумның Жалпы жиналысының кворумын анықтау
2. Республикалық референдумның бастамашыл тобын сайлау

Ұйымдастырушылар: Республикалық референдумның бастамашыл тобы

Республикалық референдумды ұйымдастыру штабының төрағасы Искалив Нурлан +7 701 722 1610,
Республикалық референдумның бастамашыл топ мүшелері: Жанбура +7 701 511 7847, Марат +7 778 547 3277.
Ресми сайт: referendumkz.org

Транспорт:
Нұр-Сұлтан қаласы, №2 қалалық аурухана аялдамасы.
Жүретін автобустар: № 12 автобус -Теміржол вокзалы-Сарыарқа-Министрліктер үйі-Халықаралық әуежай,
№40 –Нұр-Сұлтан -1 теміржол вокзалы-Астаналық базары- Министрліктер үйі арқылы,
№53 – Шарын-Жасыбай базары-Ханшатыр арқылы және 47, 51 автобустар