Мәлімдеме «ҚР Жоғарғы соты халықтық референдумға қатысты шағымды қараусыз қалдырып, кері қайтарды, бастамашыл топ кассациялық тәртіпте ҚР Жоғары сотына қайта шағымданды»

Мемлекетті басқару ісіне халықты шын мәнінде тарту мақсатында еліміздегі сайлау туралы және саяси партиялар туралы заңдарға өзгертулер енгізу үшін Қазақстанның әр өңіріндегі бақылаушылар қозғалысының өкілдері мен жалпы белсенді азаматтық қоғамның қатысуымен 2019 жылдың 10 қарашасында «Республикалық референдум туралы» ҚР Конституциялық заңының (бұдан әрі  – Конституциялық заң) 11-бабына сәйкес халық бастамасымен республикалық референдумның жалпы жиналысы Конституциялық заңның 12-б. сәйкес өткен.

Референдумның бастамашыл тобы Жалпы жиналыста бастамашыл топты құрып, бастамашыл топтың жиналасында референдумға ұсынылатын сауалды тұжырымдап, 2019 жылдың 20 қарашасында Конституциялық заңның 13-бабы                    2-тармағына сәйкес, яғни заңда көрсетілген 1) бастамашыл топты тiркеу және ол референдумға ұсынатын мәселенi (мәселелердi) тiркеу туралы өтiнiш;                            2) бастамашыл топ құрылған жиналыстың хаттамасы; 3) бастамашыл топ мүшелерiнiң тiзiмi көрсетілген құжаттарды Қазақстан Республикасының Орталық сайлау комиссиясына тапсырған. Алайда 3 күн өтер-өтпестен 13-бапта көрсетілмеген кейбір құжаттар тапсырылмаған деген себеппен ҚР Орталық сайлау комиссиясы 2019 жылдың 22 қарашасында «Референдумның бастамашыл тобын және референдумға ұсынылған мәселелерді тіркеуден бас тарту туралы» №52/291 қаулы қабылдаған.

2019 жылғы 3 желтоқсанда референдумның бастамашыл тобы Конситуциялық заңның 13-бабы 5-тармағына сәйкес ҚР Жоғарғы сотына шағымданған, алайда ҚР Жоғарғы соты бір күннен соң 2019 жылғы 4 желтоқсанда ҚР АПК-нің 152-бабы 1-бөлігінің 3) тармақшасына сай талап арызда шағымданушылардың ЖСН көрсетілмеген деген себеппен бастамашыл топқа кері хабарламастан шағымды қайтарған. Арнайы тапсырысты хаттың жолданғаны жөнінде де дерек бермеген. Шағымданушылардың ЖСН және барлық басқа деректері талап арызға қосымша ұсынылған құжаттарда толық көрсетілген.

Мұны бастамашыл топтың Конституциялық заңның 13-бабы 2-тармағына сәйкес құжаттарды толық тапсырғандықтан, басқа сылтау таба алмай талап арыздан мін іздеуі деп әбден түсінуге болады. Бұл қандай да бір азаматтың жеке шағымы емес,  референдумға қатысты халық атынан берілген халықтық шағым болғандықтан, Қазақстан Республикасының Жоғары соты халықтың талап-тілегіне салғырт қарап, оны кері қайтарған. Бұл біліктің халықпен жұмыс жасауға, оның талабын қарастыруға деген құлықсыздығының тағы да айқын дәлелі болып отыр.

Бастамашыл топ халықтың талабының орынды және заңды екенін талап ету үшін 23.12.2019 жылы ҚР Жоғарғы сотына кассациялық тәртіпте сотқа жүгініп, талап арыз жолдағанын мәлімдейді.

 

Құрметпен,

Республикалық тәуелсіз бақылаушылар қозғалысы,

Тел: +7 705 166 8282

Kazakhsha: SupremeCourtRefused_for massmedia