Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Республикалық референдум өткізу бойынша баспасөз-конференциясы

 «РЕСПУБЛИКАЛЫҚ РЕФЕРЕНДУМ ӨТКІЗУ» БОЙЫНША

БАСПАСӨЗ-КОНФЕРЕНЦИЯСЫНЫҢ

ХАБАРЛАМАСЫ

/АНОНС/

 

Күні және уақыты: 21.08.2019 ж. сағат 11:00

Өткізілетін орны:  Нұр-Султан қаласы, Мәңгілік ел даңғылы, 8

Министрліктер үйі ғимараты, «Журналистер үйі», Блок 16, корпус В.,
«Баспасөз орталығы».

Ұйымдастырушылар: Республикалық референдум бойынша бастамашыл топ

 

Ағымдағы жылдың маусым айында өткен Қазақстан Республикасының Президентін сайлауы еліміздің сайлау заңнамасын жетілдіру қажеттігін айындай түсті.  Сонымен бірге байқаушылар қозғалысы арқылы қоғам сайлау үрдістеріне деген  өзінің белсенділігін көрсетті.

Қазақстан Республикасының «Республикалық референдум туралы» Конституциялық заңының 11-бабы 1-тармағы 4-тармақшасына сәйкес және мемлекетті басқару ісіне ел азаматтарын белсенді түрде тарту мақсатында елордамызда республикалық референдум өткізу бойынша бастамашыл топ құрылған, сондай-ақ өңірдердегі бастамашыл топтар жұмыс жасауда.

Республикалық референдум өткізу бойынша бастамашыл топ көптеген Қазақстан азаматтарының ой-пікірін жеткізе отырып, келесі парламаент сайлауы өткізілгенге дейін Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы  сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына сайлаудың мажоритарлық жүйесін енгізуге және саяси партияларды мемлекеттік тіркеу кезінде оның мүшелері санынының шегін азайтуға қатысты елеулі өзгертулер енгізу қажеттігін ашық мәлімдейді.

Республикалық референдумға ұсынылған осындай ұсыныстар аталған ҚР заңдарына өзгертулер енгізудің тек бір бөлігі ғана. Барлық ұсынылған өзгертулер мемлекетті басқаруға қоғамды белсенді түрде тартудың, сонымен қатар халық және оның белсенді бөлігі арқылы билік органдарына бақылау жүргізудің, сондай-ақ биліктің халық пен оның болашағы алдындағы жауапкершілігін арттырудың импульсі болуы тиіс.

Спикерлер келесі  ақпараттарды  ұсынады:

  1. Республикалық референдум бастамасы туралы;
  2. Республикалық референдум өткізудегі өңірлердің дайындығы туралы

Баспасөз отырысының спикерлері

  1. Искалив Нұрлан Умиршиевич, қоғам қайраткері.
  2. Баекин Жанбура Ботаевич, Астана қаласы бақылаушылар өкілі
  3. Батталова Зауреш Кабылбековна,
    «Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қоры» ҚҚ (шақыру бойынша)
  4. Тұрғанбаева Гулия, Шығыс Қазақстан облысы байқаушыларының өкілі
  5. Пригорь Андрей Игоревич, қоғам белсендісі
  6. Зулхажав Алтынбек, «Республика» жастар қозғалысының
    белсенді мүшесі (шақыру бойынша) және т.б.

Пресс-конференцияға барлық деңгейдегі депутаттар, қоғам қайраткерлері, қоғамдық ұйымдар мен қозғалыстардың белсенділері және журналистер, белсенді тұрғындар, жастар қозғалыстарының өкілдері  шақырылады.

Байланыс жасау үшін Тұрғанбаева Гулия Абдрашқызына хабарласуға болады.
Тел: +7 702 540 75 25, эл.пошта: [email protected]