Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Жалпы жиналысқа қатысушылардың саны туралы Әділет министрлігінің жауабы

Ұ. Атькен

Бірінші кезекте, мемлекетіміздің өмірінде белсенді қатысуыңызға алғысымызды білдіреміз.

Әділет министрлігіне 2019 жылғы 11 қыркүйекте келіп түскен Сіздің республикалық референдум туралы заңға түсініктеме беру жөнінде өтінішіңізді қарап, келесіні хабарлаймыз.

«Республикалық референдум туралы» Заңның (бұдан әрі – Заң) 12-бабының 2-тармағына сәйкес референдумның бастамашыл тобы референдумға қатысу құқығы бар азаматтар, бiрақ Қазақстан Республикасының әр облысынан, астанасынан және республикалық маңызы бар қалалардан кемiнде отыз-отыздан өкiлдер қатысқан жиналыста құрылады.

Бұл ретте, Заңның 12-бабының 3-тармағына сәйкес, жиналыс өткiзуден кемiнде он күн бұрын оның бастамашылары аумағында жиналыс өткiзiлетiн жергiлiктi атқарушы органға жиналыстың уақыты, орны және мақсаты туралы жазбаша хабарлауға тиiс екендігін атап өтеміз.
Сонымен қатар, «Құқықтық актілер туралы» Заңның 60-бабының 4-тармағына сәйкес жоғарыда аталған түсіндірме міндетті заңдық күші жоқ және ол ұсынымдық сипатқа ие.

Заңнама департаментінің
Директоры О. Данабеков

 Нұртай Әлия
 95-50-79

ReplyMinJustReferendum30people