Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Тәуелсіз бақылаушылар альянсының қорытындысы, талаптары және нұсқамалары

Скачать полную версию доклада от 12 августа 2019 на русском языке

09 06 2019 Election report from 12 08 2019 AIO ENG download (translated by Nurul Rakhimbek)

ТБА баяндамасының 2019 жылғы 12 тамыздағы қазақ тіліндегі толық нұсқасын жүктеу (Қазақ тіліне аударған – Ажар Султаева)


 

«Тәуелсіз бақылаушылар альянсы»
азаматтық қозғалысы

09 маусым 2019 ж.
ҚР президенттігіне кезектен тыс сайлау
қорытындысының мониторингі бойынша

БАЯНДАМАДАН ҮЗІНДІ

 

Тәуелсіз бақылаушылар альянсының қорытындысы, талаптары және нұсқамалар

  Негізгі қорытынды

Заңнаманы және ондағы өзгертулерді талдаудың, сайлауалды науқанның ұйымдастырылуын, тікелей дауыс беруді өткізу күнінде сайлау процесін бақылаудың нәтижесінде, биліктегілердің әрекеттерімен дауыстарды санауда және нәтижелерді жариялауда, «Тәуелсіз бақылаушылар альянсының» талдаушылары осы баяндамада сипатталған фактілермен және сілтемелермен бекітілген төмендегідей қорытындыға келді:

Тәуелсіздігіміздің соңғы жиырма сегіз жылында құрылған Қазақстан Республикасының сайлау жүйесі биліктегі үстем таптың мүддесіне қызмет ете отырып, демократиялық бола алмайды, ол кез-келген азаматқа өзінің сайлану (пассивті сайлау құқығы), сайлау (нақтырақ айтсақ, барлық азаматтардың ерік білдіруінің дұрыс саналуын бақылау) конституциялық құқықтарын іске асыруына мүмкіндік бермейді.

Сайлау заңнамасына да, мемлекеттің саяси құрылу жүйесіне де шұғыл түрде және қағидатты реформа керек, және бұл, қай уақытқа тағайындалуына қарамастан, келесі сайлауды өткізбей тұрып жасалуы керек.

Дауыстарды санау жүйесінің және АСК және ОСК-ге келуінің мөлдір болмауы сайлау қорытындысын бұрмалауға көптеген мүмкіндіктер тудырады.

Бақылаушылар тіркеген көптеген заң бұзушылықтар туралы актілердің әрбірі  шынайы демокартиялық елдерде ақпараттық бомба болатын еді, бұл актілерге учаскелік сайлау комиссиясының төрағалары мен хатшылары қолдарын қоймады,  соттарда қабылданбады немесе олар бойынша немқұрайлы жауап болды,  сондай-ақ Бас прокуратура да бақылаушылардың көрсеткен мәселелеріне (ең алдымен, сайлау жәшігіне бюллетеньдерді тастау, дауыстарды бұрыс санау, бақылаушыларға хаттамаларды бермеу) тиесілі әрекет жасамады. Бұдан шығатын қорытынды анық: қазіргі атқарушы билік заңнамалық және сот билігін толығымен бақылауында ұстап, бұл сайлауда әділдікке және тазалыққа қол жеткізуге мүмкіндік бермейді, демек, билік демократиялық, заң жүзіндегі өзгерістерге дайын емес, оның өз иеліктерінен, өкілеттіктерінен бас тарту ниеті жоқ, әлемдік қауымдастықтың алдында демократияның иллюзиясын жасап, соңына дейін қорғаныста болады. Биліктің әрекеті (ең алдымен, сайлау уақытында) тек бүгінгі Қазақстанға қатысты емес, сонымен қатар болашақ ұрпаққа қатысты да қылмыстық болып табылады. Қазіргі билік өкілдерінің ойлау бейнесін сіңірген жастар қосарланған стандарттар бойынша өмір сүруге дағдыланып, заң бұзушылық не демокартиялық қағидаттарды айналып өтетін, салауатты мәнді бұрмалап, биліктің пайдасына шешіп беретін заңдарды ойлап табу мүмкін деп есептейді. Сайлау комиссиясы мүшелерінің заңнаманы қолдану құзіреттілігі, көптеген бақылаушылардың пікірінше, өте төмен не олар әлдекімнің ерігін орындай отырып, бақылаушылардың құқықтарын әдейілеп бұзды.

2019 жылдың маусымындағы Қазақстандағы сайлаудың көрсеткені, сайлаушылардың, бақылаушылардың, журналистердің негізгі құқықтары мен еркіндіктері аяққа басылды.

Біз ойлаймыз, елдің қазіргі билігі елді және демократияны құтқару үшін бірқатар түбегейлі шараларды қабылдауы қажет. Парламент өзінің таратылуы алдында халық үшін пайдалы қадамға баруы тиіс: демократизациялау жағына қарай қажетті өзгерістерді жүзеге асыру, «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасының Конституциялық заңына, «Саяси партиялар туралы» Қазақстан Республикасының заңына өзгертулер енгізу және өздігінен тарап кету. Бұл өзгерістер таза әрі баламалы сайлауға және адамдардың тіпті 500 адаммен-ақ өз партияларын құрып, осы сайлауда толыққанды қатысу мүмкіндігіне әкелуі тиіс. Билік шұғыл түрде халықтық реформалар жүргізуге және шынайы демократиялық сайлау өткізуге келісімін беруі тиіс.

 

 ҚР Президентін сайлаудың қорытындысы және болашақтағы өзгерістер бойынша «ТБА» талаптары

 

Талап етеміз

 

Парламенттен және жаңа Президенттен, Бас прокуратурадан, Жоғарғы соттан:

 

09.06.2019ж. сайлау бойынша

 

  1. ОСК-нің барлық сайлау бойынша УСК хаттамаларын жариялауын міндеттеп, заңнамаға осындай талап енгізуді.
  2. Бұрмалау фактілері бойынша қылмыстық істер қозғап, кінәлілерді Қылмыстық кодекстің 151-бабы «Сайлау құжаттарын, референдум құжаттарын бұрмалау немесе дауыстарды дұрыс санамау» бойынша жазалауды.

 

Сайлау процесі және сайлау заңнамасы бойынша  

 

  1. Келесі кез-келген сайлауды жариялаудан бұрын, жобасын қоғаммен, тәуелсіз бақылаушылар ассоциациясымен, өздерін осы салада көрсете білген ҮЕҰ-мен кеңінен талқылаумен, сайлау туарлы заңды өзгертуге бастама көтеру. Сайлау туралы жаңа заңда жаңа стандарттар мен ЕҚҰЫ нұсқамаларына толық сәйкестілік болуы шарт.
  2. Келесі кез-келген сайлауды өткізуден бұрын сайлау туралы заңнамаға өзгертулер енгізу мәселесі бойынша жалпыхалықтық референдум өткізу.
  3. УСК, АСК, ОСК құрамын жинау бойынша, бос орындар, мүшелерді іріктеу және олардың жұмысы туралы жария етудің барлық тетігі барынша ашық, мөлдір, плюрализм, демократия қағидаттарына бағынған және атқарушы билікке ешбір тәуелді болмайтындай, өзгертулер енгізу. Сонымен қатар, түрлі деңгейдегі комиссияның құрамына түрлі партиялардың, қоғамдық бірлестіктердің, кәсіподақтардың өкілдері, бақылаушылар бірлестігінің өкілдері енгізіліп (әр партиядан және бірлестіктен бір өкілден артық емес), ал комиссияның төрағасы және хатшысы партияға кірмеген болуы тиіс.
  4. УСК-ні бюллетень бланкілерімен қамтамасыз ету үшін, сайлаушылардың тізімін ХҚКО тіркеуі бойынша дерекқормен синхрондалуын қамтамасыз етіп, ал нақты сайлаушының дауыс беруі «электрондық жүйедегі бір ЖСН = бір дауыс» қағидаты бойынша қамтамасыз етілсін, сәйкесінше, дауыс беру күнінде барлық УСК дерекқормен алмасу мүмкіндікті үзіліссіз ғаламторы бар электрондық жүйемен қамтамасыз етілсін. Мұндай қамтамасыз ету мүмкін болмаған жағдайда, дауыс беруді шағын ХҚКО арқылы уақытша тіркеусіз, тек есептен шығару талоны бойынша жүргізу керек. Биометрикалық дауыс беру тәжірибесі Моңғолияда бар, осыны пайдалану керек.
  5. Қосымша тізімдерде, егер олар электрондық емес жүргізілсе, мекен-жай анықтамасындағы тіркеу мекен-жайы міндетті түрде тіркелуі тиіс. Сайлау күні уақытша тіркеуге тыйым салынсын.
  6. Бақылаушылардың сайлаушылар тізімін және олардың келуі бойынша соғылған белгілерді, сайлаушылардың қосымша тізімдерін, бюллетеньдерді беру процедураларын, дауыс санауда құжаттар мен бюллетеньдерді кез-келген қашықтықтан кедергісіз зерттеуін ұйымдастырумен, олардың сайлаудағы өкілеттілігі заңнама жүзінде кеңейтілсін, бұл жалпы алғанда халықтың сайлауға деген сенімін арттырады.
  7. ОСК, АСК, УСК – тиесілі жүйеде, олардың аумағына сәйкес келетін учаскелердегі барлық сканерленген хаттамаларды нақты учаскедегі дауыстарды санау аяқталғаннан кейін бірден, өзгертулер енгізу мүмкіндігінсіз жария ету міндеттелсін. Аталған талапты қамтамасыз ету үшін ОСК-ге немесе басқа да сайлау комиссияларына қосымша сұрату жолдау қажет емес. Қазақстандағы барлық учаскелер, округтер, аумақтар бойынша дауыс берудің жария етілген нәтижесінің болмауы сайлауды жарамсыз деп тануға негіз болуы тиіс.
  8. Орталық сайлау комиссиясына АСК-нің және УСК-нің барлық құрамын, комиссияның құрамындағы мүшелердің әрбірін нақты кімнің жолдағанын, оның жұмыс орны мен лауазымын, партиялығын, қоғамдық бірлестікке қатысын, байланыс телефондарын көрсетумен, жария ету міндеттелсін. Аталған талапты қамтамасыз ету үшін ОСК-ге немесе басқа да сайлау комиссиясына қосымша сұрату жолдаудың қажеті жоқ.
  9. Сайлаушыларға учаскеде, кабинада дауыс беруде, бюллетеньді жәшікке салуда өздерін және бірін-бірі суретке және бейнетаспаға түсіруге тыйым салынсын. Бұл Сайлау туарлы заңның 3 және 8-баптарының талаптарын бұзады, себебі ерік білдіру бостандығына күмән келтіреді.
  10. Он-лайнмен қамтамасыз ету: әр учаскеде келушілер туралы ақпаратты ашық кодты бағдарлама арқылы, сондай-ақ сайлау нәтижелерін санау бойынша ақпаратты.
  11. Аманаттық (императивный) мандат заңмен бекітілсін, ал өкілеттіктер қиылыспауы тиіс. Бұл үшін сайлау туралы заңда әрбір мандаттың функциясы және оны бұзу жауапкершілігі қамтылуы тиіс.
  12. Бақылаушыларға сайлау заңнамасын бұзу фактісін анықтаған жағдайда сайлау комиссиясының мүшелерін жауапкершілікке тарту құқығы қамтамасыз етілсін.
  13. Депутаттыққа және президенттікке кандидаттарға қатысты демократияға жатпайтын барлық шектеулер міндетті түрде алынып тасталсын, ең алдымен, партиялық тізім бойынша депутаттыққа ұсыну (өзін-өзі ұсыну мүмкіндігіне қайта оралу), екіншіден, мемлекеттік қызметкер емес кандидаттар үшін декларациялар бойынша талаптар, мемлекеттік органдарда қызмет атқару, елде үзіліссіз тұру, партия қатарында болу, білім деңгейі бойынша кез-келген талаптар.

 

Елдің саяси құрылымына және сайлауды ұйымдастыруға қатысты басқа заңдар бойынша

 

  1. Саяси партияларды тіркеу шегін 40 мың қол жинаудан 500 қол жинауға дейін төмендету.
  2. Президенттің өкілеттілік мерзімі 4 жылға дейін қысқартылсын.
  3. Мүшелерінің бір бөлігі партиялық тізіммен, қалған бөлігі – бір мандатты округтер бойынша, бір палаталы парламент орнату мақсатымен, еліміздің заңнамасына өзгертулер енгізілсін, Мәжіліске сайлауда партияларға өз кандидаттарын бір мандатты округтер бойынша ұсынуға тыйым салынсын.
  4. Маслихаттар бойынша депутаттардың құрамы партия тізімінсіз, бір мандаттық округтер бойынша сайланған азаматтардан қамтамасыз етілсін. Партияларға әр округ бойынша бір кандидат ұсыну құқығы қалдырылсын.
  5. Дамудың тұрақтылығын қамтамасыз ету үшін, заңнамаға өзгертулер енгізу: Конституция биліктің тармақтарын бөлуді декларациялайтындықтан, барлық деңгейдегі әкімдер, президент, маслихаттар және мәжіліс депутаттары, барлық деңгейдегі судьялар және Жоғарғы сот Төрағасы сайлануы тиіс.
  6. Сайланғандардың кез-келгенін кері шақырып алу құқығы заңмен және Заңның тиесілі тармағымен бекітілуі тиіс.
  7. Үгіт-насихат науқаны кезінде эфирлердің, жарияланымдардың, т.б. бірдей уақыты берілуі тиіс, міндетті түрде, барлық кандидаттарды қатыстырумен екіден артық пікірталас өткізілуі тиіс.
  8. Барлық кандидаттарға және сенімді тұлғаларға, оның ішінде әкімдіктің, маслихаттардың және ОСК-нің рұқсатынсыз, оларды хабардар етіп, қоғамдық тәртіп орнатуды және осындай кездесулерде басқа да қолдау көрсетуді сұраумен, көшелерде, алаңдарда халықпен кездесуді ұйымдастыруда үлкен еркіндік беру.
  9. ОСК, АСК-лерді кандидаттардың сайлауалды есебі – қаржыландыру көзі және шығындар бойынша толық есептілік пен мөлдірлікті беруге міндеттеу.
  10. Сайлаудың қорытындысы ресми жария етілмейінше, сайлау қорытындысы жарияланудан бір күннен кейіннен кем емес, кандидаттарға сайлау нәтижелерін түсіндіруге, басқа кандидаттарды құттықтауға, жеңісті тойлауға немесе парламентке қатысуға тыйым салынсын.
  11. Сайланушының тікелей материалдық жауапкершілігі қағидатын ендіру, бұл саяси алаңды жосықсыз ойыншылардан тазартуға мүмкіндік береді. Кез-келген рангтағы сайланушының антының мәтінінде сайланған азаматтың қабылдаған шешімі бойынша азаматтардың залалын өтеу бойынша шартсыз міндеттеме туралы тармақ болуы тиіс.
  12. Сайттарды, ғаламторды кез-келген бұғаттаулар, порнографиялық контенттерден басқалары жойылсын (әсіресе сайлауалды үгіт-насихат кезінде, сайлау өткізуде және сайлаудан кейінгі бірнеше апта бойы).
  13. УСК-дегі полиция қызметкерлерінің тәуелсіздігі және қасақана еместігі қамтамасыз етілсін, құқық қоғау органдары біліп, тек сайлау комиссиясының құқықтарын емес, сайлау процесіне қатысушылардың құқықтарын біліп, оларды бірдей қорғасын.

 

Сайлауды барынша тиімді ұйымдастыру бойынша билікке ұсыныс

Шағын ХҚКО көмегімен және басқалай ұйымдастырылған жаппай карусельдердің алдын алу үшін, сайлаушының қандай да бір учаскеге келуін электрондық әдіспен бекіту ұсынылады – осы кезде адамның сайлауға қатысқаны жөнінде барлық жерде белгі соғылады және бір мәрте. Оның учаскедегі одан әрі мінез-құлқы (ерік білдіруі), әрине, тіркелмейді. Осы кезде есептен шығару талондары да, мекен-жай анықтамасы да қажет болмайды. Аталған ұсыныс туралы толығырақ осы баяндаманың 2.1-тармағында.

Сайлау учаскелерінде дауыстарды санауды да УСК мүшелерінің орнына автоматтармен жүзеге асырады, осыдан кейін бақылаушылар автоматтың дұрыс санауын іріктеп тексеретін болады.

Ұсыныстардың көбісі осы баяндаманың талаптарында, 5.2-тармақта баяндалды.

 

ҮЕҰ және тәуелсіз бақылаушыларға ұсыныстар

Елімізде және шет елдерде барлығы 232 аумақтық сайлау комиссиялары (АСК) және 9 968 учаскелік сайлау комиссиялары (УСК) бар. Сайлауды заңсыз деп мойындау үшін қажетті және жеткілікті бақылауды қамтамасыз етуде 2500 учаскеге 7500 тәуелсіз бақылаушы (биліктен) жинау керек (әр учаскеге 3-еуден). Бұл болашаққа басты міндет.

Мұндай жаппай бақылауды қамтамасыз ету үшін, көптеген тәуелсіз ұйымдар құрылуы тиіс, болашақ бақылаушыларды оқыту үшін және заң талаптарына сәйкес келуден, бақылау процестерін автоматтандырудан басқа, бақылау стандарттарын жасау үшін, жеке адамдардың және халықаралық ұйымдардың есебінен қор жинауды іздестіру қажет.

Сайлаудан 2 ай бұрын әр учаскені 2-3 бақылаушыдан қамтамасыз ету үшін, бақылаудың жалпы форматын және учаскелерді түрлі ұйымдармен жабуды келісілу керек.

Тәуелсіз бақылаушылар кодексін (ТБК) әзірлеп, оған түрлі ұйымдарды тарту керек, ТБК-де бақылаушылардың әрекет ету қағидаттары, ұйымдардың өзара әрекеттесуі, сайлау барысында және сайлаулардың аралығындағы іс-әрекеттердің координациясы, деректермен алмасу, нәтижелерді тіркеудің және заң бұзушылықтардың түрлері және басқа да мәселелер бойынша бірыңғай жүйесін жасау көрсетіледі.

УСК құрамын тексеріп, егер заң бұзушылық орын алса, оны актімен тіркеу, прокуратураға жазу және комиссия құрамының өзгертілуіне немесе толық деректерді жария етуге қол жеткізу. Бақылаушылар ұйымдарының өкілдері барлық өңірлерде, аудандарда, округтер мен учаскелерде УСК және АСК құрамына кіруге тырысулары керек.

Сайлау барысында УСК-де бақылау жасаумен қатар, барлық 232 аумақтық сайлау комиссияларындағы дауыс санау процедураларын бақылауды қамтамасыз ету қажет.