Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Астана қаласы бойынша Республикалық референдум бастамашыл тобы жиналысының хаттамасы

Скачать файл протокола 

02.09.2019 ж.                                                                       Нұр-Султан қ.

 

Қатысушылар саны: 45 адам

Жиналысқа қатысушылар жалпы дауыспен анықтады:

төрағасы – Н.Искалиев, хатшысы – А.Сұлтаева.

 

ЖИНАЛЫСТЫҢ КҮН ТӘРТІБІ:

1.Республикалық референдум өткізу бойынша бастама ұсыну және референдумға ұсынылған мәселелерді талқылау.

  1. Республикалық референдум тағайындау туралы мәселе бойынша Астана қаласынан бастамашыл топ құрамына өкілдерді сайлау.

ЖИНАЛЫСТЫҢ БАРЫСЫ:

  1. Жиналыс төрағасы Н.Искалиев референдум өткізу бастамасының мән-жайын түсіндіріп, мемлекетті басқаруға ел азаматтарын белсенді түрде тарту мақсатында Қазақстан Республикасының «ҚР сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына өзгертулер енгізілгеннен КЕЙІН ҒАНА парламент сайлауын өткізу туралы республикалық референдум өткізу бастамасын таныстырды. Жиналысқа қатысушылар референдум мәселесі бойынша пікірлерін білдірді.  Қоғам қайраткері З.Батталова референдумды өткізудің мәні мен мағынасын, қалыптасқан саяси жүйені өзгертудегі рөлі мен қоғам мен халыққа берер пайдасы жөніндегі пікірін айтты.
  2. Көпшілік дауыспен Астана қаласынан республикалық референдум бастамашыл топ құрамына делегаттар анықталды:

 

— Н.Искалиев

— З.Батталова

— Ж.Баекин

— Айтмырза Қ.

— Қ.Баймағамбетов

— М.Дәрібеко

 

Төрағасы                              Н.Искалиев

Хатшысы                              А.Сұлтаева