Серік Ерғали референдум туралы

Сонымен өткен ғасырдың 90-жылдарынан кейінгі демократиялық қазақ толқыны қайтадан толқи бастады.

Бүгін 10.11.2019 күні елдің барлық өңірінен жиналған делегаттар Қазақ халқы атынан референдум өткізу бастамасын астанада жиналып бекітті. Жиынға 600-ден аса делегат жиналды. Соның ішінен сайланған 51 адамнан Бастамашыл топ құрып, заң жүзінде Азаматтар атынан Референдум өткізуге 200 000 адамның қолын жинап, билікті өз еріктерін мойындатуға жұмыстанбақ.

Бұл үшін бүгінгі жиналыстың хаттамасын ОСК/ЦИК қабылдап, қол жинауға осы ТОПқа мандат беруі керек.

Жиын тікелей эфирде бастан-аяқ жария болды. Барлық өкілдер заңды түрде сайланды.Кворум бар. Билік қанша тырысса да оған кедергі бола алмады. Делегаттардың түрлі хикаялармен астанаға жетуінің өзі бір киносериалға татиды.

Шын мәнінде ОСК авторитар биліктің нұсқауымен әріп пен дыбыстан қате таппаса, мандат алуға толық негіз бар.
Жиын басталар тұста керекулік арандатушы айқай шығарып, соңын төбелеске ұластырғысы келді.

Бірақ оны халықтың құрыш күші аластап тынды.
Референдум негізінен партия тізімімен ғана емес, жекелеген кандидаттың да парламентке сайлану құқығын заңдастыруды халық мақұлдауына салмақ. Сондай-ақ референдумға қойылатын тағы бір сауал саяси партияларды тіркеуді жеңілдету мен әділеттендіруге қатысты болмақ.

Сонымен Алаштың еркі еркін шықты, енді сол мақұлданса деген тілек қалды көкейде!

 

Сонымен өткен ғасырдың 90-жылдарынан кейінгі демократиялық қазақ толқыны қайтадан толқи бастады. Бүгін 10.11.2019 күні…

Gepostet von Serik Ergali am Sonntag, 10. November 2019