Біз өзгерістерді қалаймыз! Мы хотим перемен!

Референдум арқылы біз нені өзгертеміз?

Референдум арқылы ҚР «Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Конституциялық заңына және «Саяси партиялар туралы» заңына өзгертулер енгізу қажет.

Сайлауға қатысты өзгертулер:

  • Орталық сайлау комиссиясын қоса алғанда сайлау комиссиясы мүшелерін қалыптастыру және тағайындау тәртібін төменнен жоғарыға қарай өзгерту;
  • байқаушылар құқықтарын кеңейту;
  • барлық деңгейдегі сайлау үрдістері мен қорытындыларының жариялану ашықтығы;
  • сайлаушылардың дауысына бұрмалаушылық және көзбояушылықтар жасаған барлық деңгейдегі сайлау комиссиялары мүшелерінің кез-келген әрекеттері бойынша қылмыстық және әкімшілік жауапкершілікке тартылуын нақтылау қажет;
  • барлық деңгейдегі депутаттарға және президентке кандидаттарды ұсыну кезінде мажоритарлық жүйе енгізу;
  • демократияландыру және қоғамның ашықтығына қатысты басқа да өзгертулер.

Саяси партиялар туралы заңнамаға өзгертулер:

  • саяси партиялар құру үшін қажет етілетін азаматтар саны шегін айтарлықтай азайту;
  • саяси партияларды тіркеу кезіндегі кедергілерді азайту;
  • – елімізде бір партия монополиясына жол бермеу;
  • елімізде саяси бәсекелестікке арналған жағдайларды жасауға қатысты басқа да мәселелер.